Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Ұстаз жолы - ұлы жол!»
12 қазан 2026
1
0
0

«Ұстаз жолы - ұлы жол!»

2026  жылдың 07 қазан айында 1 курс медицина мамандығының студенттері мен Шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Ұстаз жолы - ұлы жол! тақырыбында  топтар арасында қабырға газеттері жасалып, тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие  сағатының мақсаты - барша  ұстаздарға  арналған ерекше мереке, Ұстаздар күні! Бұл күн - тек қана білім саласының мерекесі емес, бүкіл халықтың мерекесі. Өйткені әрбір адамның жүрегінде ұстазға деген шексіз құрмет пен ыстық ықылас бар.
Ұстаз - ұрпақтың шамшырағы, білімнің таусылмас бұлағы, адамгершіліктің үлгісі. Сіздердің еткен еңбектеріңізбен талай шәкірттер өмір жолын тауып, үлкен жетістіктерге жетті. Шәкірттердің әрбір жеңісі - ұстаздың да жеңісі, олардың қуанышы – ұстаздың да қуанышы.
Сіздер әрқашан сабыр мен мейірім танытып, бізге тек білім ғана емес, өмірлік ұстаным, тәрбие, адамдық қасиет дарыттыңыздар. Осы еңбектеріңіз үшін әрқайсыңызға мың алғыс! Ардақты ұстаздар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін! Жаңа жетістіктерге толы жылдарыңыз көп болсын, шәкірттеріңіз сіздерді үнемі мақтан тұтып, қуанышқа бөлендірсін!

Пікірлер орны (0)