
2025 жылдың 24 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының спорт залында білім алушылар арасында Үстел теннисінен іріктеу жарысы өтті.
Үстел теннисі (пинг-понг) – арнайы ережелерге сәйкес ойын үстелінің үстінде жұмыртқа тәрізді шарды қалақшаның көмегімен ұрғылап ойнауға негізделген спорт түрі. Ол қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Ойлау шапшаңдығын арттырады.
Жарысқа 25 білім алушы қатысып, бақ сынасты. Үміткерлер өздерінің шеберліктерін көрсете білді. Тартысты ойын барысында өз ептілігімен, қырағылығымен көзге түскен білім алушылар іріктелді. Олар Қазақстан Республикасы күніне орай Өзбекістан Республикасында өтетін жарыста Медициналық жоғарғы оқу орындар арасында академияның намысын қорғайтын болады. Сәттілік тілейміз!
Ұлдар:
1-орын Қонысов Бекзат С-ОСҚ 11.01.25
2-орын Баратов Жавахир ВМ-МҚА-08-23
3-орын Моминжанов Мадиер ВМ-СТҚА-03-23
3-орын Төлен Қадыр ВМ-СҚқА-02-25
Қыздар:
1-орын Турсункулова Дияна В-ПҚА-01-22
2-орын Мусаева Зарина С.А.Қ 11-01-25
3-орын Жиенбек Әйгерім ВМ-МҚБ-09-25
3-орын Артыкова Камила ВМ-СОБ-09-25