
«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» кафедрасында үйде дәрілік өсімдік шикізатынан тұндырма мен қайнатпа дайындау бойынша шеберлік сағат өтті.
Іс-шараны аға тәлімгер, ТФП кафедрасының доценті Оспанова Г.С., топ тәлімгері, аға оқытушы Егентаева А. О., В-ФОТКБ-02-22 және В-ФОТКА-01-22 тобының 4 курс білім алушылары ұйымдастырды. Ашық кураторлық сағат жастар саясаты бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі бас маманы Б.С. Баимбетовамен бірлесіп өткізілді. ПОҚ арасында «Фармация» факультеті деканының орынбасары М. М. Сапакбай, ЖСБ жастармен жұмыс жөніндегі маманы Ж. О. Қамбарова, ТФП кафедрасының ПОҚ мүшелері болды.

Ашық тәлімгерлік сағатта студенттер үйде шөптердің бөліктерінен тұндырма мен қайнатпа қалай дайындау керектігін нақты уақыт режимінде көрсетті. Оңтүстік аймақта өсетін дәрілік шөптер, кейбір өсімдіктерді жинау әдістері мен уақыты туралы мазмұнды презентациялар дайындалды. Сондай-ақ, шөптерді жинау, сақтау және қолдану кезінде қауіпсіздіктің сақталуы туралы ақпарат берілді. ҚР Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерге назар аударылды. Тұндырма мен қайнатпа дайындау кезінде дайындық нұсқауларын оқып, оны қатаң сақтау керек және тұндырма мен қайнатпаны дәрігердің нұсқауы бойынша қатаң түрде қолдану керек екендігі бірнеше рет атап өтілді.
Соңында «сұрақ-жауап» ойыны өткізіліп, жеңімпаздар жүлдеге ие болды.