Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Волейболдан іріктеу жарысы
29 қыркүйек 2025
11
0
0

Волейболдан іріктеу жарысы

2025 жылдың 29 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының спорт залында білім алушы ұлдар арасында волейболдан іріктеу жарысы өтті. Бұл жарыс академия білім алушыларының спорттық қабілетін шыңдап, алдағы уақытта өтетін ірі додаларға үздік ойыншыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.
Волейбол – бұл тек ойын ғана емес, дене қозғалысын үйлестіруді, топпен жұмыс істеуді, шапшаңдықты, ептілік пен зейінді қажет ететін командалық спорт түрі. Ойын барысында әрбір қатысушы алаңдағы өз міндетін мүлтіксіз орындап, өз командасына барынша пайда әкелуге тырысты.


Жарысқа 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Олар:
1. Колледж командасы;
2. Академия құрама командасы;
3. Жүйріктер командасы;
4. Алыс шетел білім алушылар командасы;
5. Жастар командасы;
6. Айбын командасы;
7. Жатақхана жастары;
8. Қыран командасы.


Барлық командалар жоғары дайындықпен келіп, тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Жарыс өте қызу өтті, әр ойын аса шиеленісті жағдайда өтті. Қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар тактикалық ойлау мен командалық үйлесімділіктің жоғары деңгейін паш етті.


Жарыстың нәтижесі бойынша үздік үштік келесідей анықталды:
- І орын – Жастар командасы
- ІІ орын – Колледж командасы
- ІІІ орын – Жатақхана жастары командасы
Өздерінің ерекше ойынымен көзге түскен үздік ойыншылар алдағы академия атынан өтетін қалалық жарыстарға қатысуға жолдама алды.
Мұндай жарыстар білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттырады, сондай-ақ академияның ішкі бірлігін нығайтып, білім алушылардың ынтымақтасып жұмыс істеуіне үлкен ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)