Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Волейболдан іріктеу жарысы өтт...
14 қазан 2026
1
0
0

Волейболдан іріктеу жарысы өтті

2026 жылдың 12 қазанында академиямыздың білім алушы ұлдары арасында волейболдан аса тартысты әрі жоғары деңгейдегі іріктеу жарысы ұйымдастырылды. Спорттық шараның басты мақсаты - білім алушылар  арасында салауатты өмір салтын насихаттау, академияішілік достық қарым-қатынасты нығайту және алдағы ірі додаларда оқу орнымыздың намысын абыроймен қорғайтын ең мықты ойыншыларды анықтау болды.
Бұл доданың басты ерекшелігі - тартысты ойын нәтижесінде болашақ жарыстарға дайындық ретінде білім алушылардан құралған екі мықты арнайы команда жасақталды. Олар: жергілікті  топтардан құралған және шетелдік білім алушыларынан жасақталған құрама команда. Жеңімпаз командалар мақтау қағазымен марапатталды.

Іріктелген команда  құрамының  тізімі:
1.    Мухамедияр Абылайхан - ВМ СОБ 09/25
2.    Әбдіғали Жанасыл - BM-MKA-07-25
3.    Досай Бақдәулет - ВМ МҚА 01-25
4.    Мейрманқұл Бексұлтан - ВМ-МҚА-08-25
5.    Жанасыл Абилов - ВМ-МҚА-08-25
6.    Хинизов Алишан - С-ЕІҚ 11.02.25
7.    Мейрман Нышанәлі - С-ФҚ 11-01-24
8.    Қуаныш Жомарт - BM-MҚА 04-23
9.    Кудасов Бақытжан - СТДҚ 11.01.24
10.    Кенесбай Асылжан - С-МІҚ-11.01.24
11.    Шалқар Саян - С-ЕІҚ 11.01.24
12.    Құдайберген Дархан - ВМ-СҚА-07-26

Алыс шетел білім алушылар  құрама команда  тізімі:
1.    ARFAT YOUSUF - ВM-МША-10-23
2.    THAKUR SRIJJAN - ВМ-МША-03-22
3.    RANGU PRABHANZ ROYAL - ВМ-МША-13-22
4.    VISHAL SHARMA - ВМ-МША-10-22
5.    ABHINAV PRAKASH CHEKKIYIL - ВМ-МШБ-05-23
6.    RATHER OWAIS ASHRAF - ВМ-МШБ-07-25

Іріктелген құрама командаларға алдағы жарыстарда  сәттілік пен жеңістер тілейміз!

Пікірлер орны (0)