
Дене тәрбиесі орталығының кезекті іріктеу жарысы волейболдан мықтыларды анықтау мақсатында 2025 жылдың 13-шы қазанда білім алушы қыздар арасында өткізілген болатын. Жеңіске жету — мықты дайындықты талап етеді. Жарыстың негізгі мақсаты – білім алушыларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және ең бастысы, ұйымшылдық пен достықты нығайту еді. Әр команда жеңіске жету үшін барын салып ойнады, бір-бірін қолдап, жанкүйерлерімен бірге ерекше атмосфера қалыптастырды.
Іріктеуге 7 команда қатысып, «Жалпы медицина» қыздар командасы жеңіске жетті.Алдағы уақытта жарыстарда үздік ойын көрсетіп іріктеліп алынған қыздар академияның намысын қорғайтын болады.