Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Ынтымақ» базасында жүргізілге...
6 мамыр 2026
1
0
0

«Ынтымақ» базасында жүргізілген агротехникалық жұмыстар

2026 жылдың 29 сәуір күні әскери кафедра оқытушылары курсанттармен бірге  ФҒЗО басшысы К.К. Орынбасарованың басшылығымен және ғылыми қызметкерлердің қатысуымен «Ынтымақ» базасында агротехникалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында жер телімі жыртылып, аумақ арамшөптерден тазартылды, сондай-ақ топырақ қопсытылды. 


Үйлесімді іс-қимылдың, тәртіптіліктің және жауапкершіліктің арқасында барлық қойылған міндеттер сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалды.

Атқарылған жұмыстар база аумағының тазалығын сақтауға, топырақты кейінгі пайдалануға әзірлеуге, сондай-ақ курсанттардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, ұжымдық рухын күшейтуге септігін тигізді.

Сонымен қатар, аталған іс-шаралар аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосты: арамшөптерді жойып, топырақ құнарлылығын сақтауға, оның құрылымын жақсартуға және мәдени өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Мұндай жұмыстар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырып, табиғатты қорғау қызметінің маңызын тереңірек түсінуге көмектеседі және табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен сақтауға маңызды ынталандырушы фактор болып табылады.

Пікірлер орны (0)