
23.04.2026 ж. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ВМ-СҚБ-01-25 топ студенттері Ақсу-Жабағылы қорығына арналған бейнеролик дайындап, студенттердің назарына ұсынды.
Аталған бейнероликтің мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаның маңыздылығын түсіндіру және Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары туралы білімді кеңейту болды. Студенттер бейнероликте Ақсу-Жабағылы қорығының тарихы, географиялық орналасуы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі туралы мазмұнды ақпарат берді.

Іс-шара барысында көрермендер табиғаттың әсем көріністерімен танысып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсінді. Сонымен қатар, қорықтың сирек кездесетін жануарлары мен өсімдіктері туралы қызықты деректер ұсынылды.
Шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Бұл бейнеролик студенттердің шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық санасының дамуына оң әсерін тигізді.
