Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ЮҚМА студенттері мен оқытушыла...
20 наурыз 2026
1
0
0

ЮҚМА студенттері мен оқытушылары Наурыз мерекесін атап өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Фармация факультеті «Фармацевттік өндіріс технологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Фармация факультетінің деканы Арыстанбаев Құттыбек Есенгелдіұлы ашып беріп, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мерекелік кеш барысында әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалды.

Сонымен қатар, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, оған оқу орнының қызметкерлері мен білім алушылары белсенді түрде қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар ептілік пен шапшаңдықтарын, ұйымшылдықтарын көрсете білді. Кеш аясында қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттайтын тағылымды көріністер қойылып, ұлттық құндылықтардың мәні тереңінен ашылды. Мереке соңында келген қонақтарға Наурыз көже ұсынылып, кеш көтеріңкі көңіл-күймен қорытындыланды.

Пікірлер орны (0)