Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Заң клубы»   мүшелерін Интегр...
16 қазан 2025
10
0
0

«Заң клубы»   мүшелерін Интегралды GPI  және  студенттердің кодексімен  таныстыру

16.10.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Беккулова  «Заң клубы»  мүшелерін  Интегралды GPI, студенттердің кодексі және  тәрбие жұмысына қатысты құжаттармен таныстырып өтті. 
Мақсаты: «Заң клубы» мүшелерін академияның  негізгі құқықтық-нормативтік құжаттармен таныстыру, құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Білім алушыларға ОҚМА-ның миссиясы, құндылықтары, стратегиялық мақсаттары, тәрбиелік бағыттағы қағидаттары туралы ақпараттар айтылды. Сонымен қатар білім алушылардың кодексі, олардың құқықтары мен міндеттерін, этикалық нормалар мен тәртіп ережелерін, академиялық адалдық принциптерін  түсіндірді.
Іс-шара барысында студенттер  ұсынылған ақпаратпен танысып, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы нақты мәлімет алды. Сонымен қатар, академиядағы тәрбиелік бағыттардың маңыздылығы мен құндылықтары бойынша түсініктері кеңейді. Студенттер тарапынан мұндай танымдық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу ұсынылды.

Пікірлер орны (0)