Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясы...
6 мамыр 2026
1
0
0

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында іс-шара ұйымдастырылды


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында мазмұнды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болды. Осы бағытта студенттерге «Закладчики. Мать» деректі фильмі мен «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмі ұсынылды. Көрсетілім барысында заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, қоғам алдындағы жауапкершілік және әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті кеңінен түсіндірілді. Іс-шара студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал етіп, олардың қауіпсіз әрі саналы өмірлік ұстанымдарын нығайтуға бағытталды.

Пікірлер орны (0)