
2026 жылғы 16 қазанда Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға Терапия кафедрасының ассистенті Абилдаева Аяулы Досумбековна және ВМ-МҚБ-06-23, ВМ-МҚА-06-23 топтарының бакалавриат студенттері қатысты.
Кездесу барысында студенттерге заң талаптары, құқықтық жауапкершілік түрлері, құқық бұзушылықтың салдары және оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.