Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жалпы тәжірибелік дәрігер – 2...
4 желтоқсан 2025
1
1
0

Жалпы тәжірибелік дәрігер – 2 кафедрасы ВИЧ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша іс-шара өткізді

01.12.2025 күні, Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне орай, «Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедрасы, ІЖТДҚ 17-25 тобы және ғылыми жетекші м.ғ.к. Сартаева Қаламқас Алмешовнамен бірге АИТВ/ЖИТС мәселесіне арналған ақпараттық-танымдық кездесу өткізді. Іс-шара барысында интерндер ЖИТС-тың жаһандық және ұлттық деңгейдегі өзектілігі, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіп топтары және қоғамдағы стигмамен күрес бағыттары жөнінде мәліметтер талқылады. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық жағдайы, профилактикалық шаралардың рөлі және халықтың ақпараттану деңгейін арттырудың маңызы қарастырылды. Кездесу интерндердің инфекциялық аурулардың алдын алу, эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білімін нығайтуға бағытталды.

Пікірлер орны (0)