Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жаңа оқу жылына қабылданған ст...
16 қыркүйек 2025
30
0
0

Жаңа оқу жылына қабылданған студенттер ОҚМА-ның Жарғысымен, ішкі ережесімен және жатақханада тұру ережесімен танысты

11 қыркүйек 2025жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С.Жакипова В-ФО-02-25 тәлімгерлік тобымен тәрбие сағатын өткізді. Ол студенттерді ОҚМА-ның Жарғысымен, ішкі ережесімен және жатақханада тұру ережесімен таныстырды. Тәрбие сағатына білім алушылар түгел қатынасты. Академия қабырғасына білім алушы болып тіркелген күннен бастап академиялық ішкі тәртіпке бағынып, сабаққа белсенді қатысу және этика, эстетиканы сақтау маңызды. Оқу ғимараттарындағы , сабақ барысында студент өзін дұрыс ұстау қажет. Топтағы достарыңмен жақсы қарым қатынаста болу керек. Жатақханада тұратын студенттер бөлме тазалығына, ғимараттардағы мүліктерге мұқият болу, кешкі мезгілде сыртқа шықпау секілді ережелер мен талаптарды сақтану керек екендігі жайында түсіндірді.

Пікірлер орны (0)