Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жаңа қадам
11 қазан 2023
582
0
0

Жаңа қадам

6 қазан күні Тараз қаласында «ОҚМА» АҚ ректоры Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков және «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының» директоры, профессор Сейтхан Жошыбаев кездесті. Кездесу барысында оқу орынымыздың клиникалық базасы ретінде бірлескен қызмет туралы келісім шартқа қол қойылды. Болашақта біздің резиденттер, докторанттар «Кардиохирургия» бағыты бойынша сол базада тәжірибелерін нығайтып, білімдерін шыңдатуға мүмкіндік береді.

Пікірлер орны (0)