
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының профессор оқытушылық құрамы және кафедраның тәлімгерлік 6В10106-Фармация БББ 4курс білім алушылары Қайырымдылық күні қарсаңында «Жақсылық жасап жарысайық» акциясын өткізді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Жастар саясаты бөлімі, әлеуметтік мәселелер бойынша бас маманы Баймбетова Б.С.-мен бірлесе жүргізілген бұл іс-шара тәлімгерлік В-ФҚА-01-22, В-ФҚБ-01-22, В-ФО-02-22 топ білім алушыларының мейірімін ояту, жақсылық жасауға баулу, қайырымдылыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Шымкент қаласының Бөбектер үйінде болып қайтқан топ мекеме басшылығы тарапынан алғысқа бөленіп, ақ батасын алып қайтты.
