
2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушыларының қолдауымен және ОҚМА Еріктілер лигасы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жақсылықтың жаршысы болған жәрмеңке» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық және үлкенге құрмет көрсету құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ жәрмеңкеден жиналған қаражатты қарттар үйіне көмек ретінде табыстау.
Жәрмеңке барысында білім алушылар өз қолдарымен әзірлеген түрлі тағамдар мен тәттілерді көпшілікке ұсынды. Қайырымдылық шарасына кафедра оқытушылары мен білім алушылар белсенді қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.
Мұндай ізгі іс-шаралар қоғамдағы жанашырлық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жастарды қайырымдылық жасауға, қамқорлық танытуға және әрдайым жақсылыққа ұмтылуға үндейді.
Жақсылық жасауға атсалысып, қайырымдылық шарасына қолдау білдірген барша қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз! Әрбір игі іс ізгілікке бастасын!