Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жас ғалымдар мен студенттердің...
16 қазан 2025
2
0
0

Жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Халықаралық форумы

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Халықаралық форумы басталды. Бұл білім мен ғылымды серік еткен жастардың, ізденімпаз зерттеушілер мен тәжірибелі оқытушыларды бір  алаңда тоғыстыратын маңызды іс-шара болмақ.
Үш күнге созылатын форум аясында мазмұнды әрі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Ашылу салтанатында академия ректоры Жанна Сейтжанова сөз алып, қатысушыларды айтулы іс-шарамен құттықтады. Жанна Серікжанқызы форум жұмысына сәттілік тілеп, алыс-жақын шетелдерден келген қонақтарға ерекше ризашылығын білдірді. 
Форумның жаңа идеялармен және жаңалықтармен алмасуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға үлкен мүмкіндік тудыратынын оқу орнының ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Аукенов Нұрлан Ерденұлы баяндады. 
Қатысушылар атынан Өзбекстан Республикасы Ургенч мемлекеттік медицина институтының бітіруші студенті Хасанов Шарифбобо Мақсұтбекұлы сөз сөйлеп, «ОҚМА» АҚ ректоры Жанна Сейтжановаға естелік сыйлық табыс етті. 
Форумның ашылу салтанатында алыс және жақын шетелдерден, сондай-ақ еліміздің әр түкпіріндегі жетекші медициналық оқу орындарынан келген қатысушылар таныстырылып, өздерін және білім ордаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды. 
Мұнан кейін форум аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі III Халықаралық хирургиялық пәндер бойынша олимпиада өз жұмысын бастады. Бұл байқауда жас хирургтер өздерінің кәсіби шеберліктерін, нақтырақ айтқанда, практикалық дағдыларын паш етіп, түрлі күрделі тапсырмаларды орындайды.

Пікірлер орны (0)