Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жас ғалымдарды қолдау!
23 маусым 2026
1
0
0

Жас ғалымдарды қолдау!

2026 жылдың 17 маусым күні Медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының дара құрылтайшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы ғылымды дамытуға және жас ғалымдарды қолдауға бағытталған игі бастамасы аясында Фармация ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, PhD Қаржаубаева Айшабибі Дүйсенбеқызына өзінің атынан 2 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатты табыстады.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ғылым мен білімнің дамуына, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға және ғылыми зерттеулерді қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай қолдау шаралары академиядағы ғылыми ортаның нығаюына, жаңа ғылыми жетістіктердің қалыптасуына және отандық медициналық ғылымның дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Жас ғалымдарға көрсетілген қолдау мен сенім үшін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының дара құрылтайшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлына және академия ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызына шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай қолдау ғылыми ізденістерімізді жаңа белестерге жетелеп, кәсіби дамуға зор мүмкіндік береді. 
Ғылыми кеңесші Орынбасарова Күлпан Кенжебаевна және PhD Қаржаубаева Айшабибі Дүйсенбекқызы атынан академия ұжымына толағай табыс пен өркендеу тілейміз.

Пікірлер орны (0)