
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Жас зерттеушілердің инновациялық идеялары» атты IV халықаралық постерлік баяндамалар конкурсы өтті.
Конкурстың ашылуында академияның Ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, профессор Аукенов Нұрлан Ерденұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол жас зерттеушілердің ғылымдағы рөлінің маңыздылығын атап өтіп, мұндай байқаулар білім мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.

Шараға шетелдік ғалымдар да қатысып, өз қолдауларын білдірді:
🔹 Үндістан, JSS фармация колледжінің профессоры Прабитха П.
🔹 РФ Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ЖОО өкілі, профессор Стрелова О.Ю.
🔹 Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің профессоры Селиванова И.А.
🔹 Өзбекстандағы Фармацевтикалық білім беру және зерттеу институтының профессоры Мавлянова М.Б.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ғылыми жобаларын постерлік форматта таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
Нәтижесінде, магистранттар мен докторанттардан:
Гран-приді — K. Monica (JSS College of Pharmacy, Үндістан)
I орынды — Дегтяренко Б.В. (Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті, РФ)
II орынды — Муратбекова З.М. (ҚММА, Бішкек, Қырғызстан); Patel Het Rajesh (JSS College of Pharmacy, Үндістан)
III орынды — B.G. Vibin Akshayanath (JSS College of Pharmacy, Үндістан); Матаева Г.З. (ЮҚМА, ҚР); Қуандық Ә.Т. (Фармацевтикалық ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР) иеленді.
Студенттерден:
Гран-приді — Соболева Н.Я. (И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ, РФ)
I орынды — Фомин М.А. (Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, РФ)
II орынды — Жуматова М.Я. (Ташкент, Өзбекстан); Антонова А.А. (БММУ, РФ)
III орынды — Маринин А.С. (Санкт-Петербург химия-фармацевтикалық университеті, РФ); Альдекова Р., Мамиржанова Н. (ЮҚМА, ҚР); Кожахметова К.А. (ЮҚМА, ҚР) жеңіп алды.
Аталған іс-шара жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосты.