Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жастар арасында мемлекеттік ба...
30 наурыз 2026
1
0
0

Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды кездесу өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды кездесу өтті. 
Кездесуге Еңбекші ауданы бойынша еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Нағима Досанова мен «Отбасы банк» АҚ-ның қаржы кеңесшісі Феруза Нұрмағанбетова қатысты.
Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Жансая Аманбаева жүргізіп, қатысушыларға еркін форматта пікір алмасуға мүмкіндік жасады.
Кездесу барысында Нағима Досанова жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды. Соның ішінде жастар тәжірибесі бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берді. Ал, Феруза Нұрмағанбетова тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударып, «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, яғни жеңілдетілген несиелер, тұрғын үй жинақ жүйесі және жастарға арналған ипотекалық бағдарламалар туралы баяндады. 
Кездесу соңында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Пікірлер орны (0)