Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жастар арасындағы жұмыссыздық:...
19 мамыр 2025
9
0
0

Жастар арасындағы жұмыссыздық: себептері мен шешу жолдары

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Беккулова 2 курс «Медицина» БББ студенттерімен жастар үшін өзекті әлеуметтік–маңызды мәселе болып табылатын,  «Жастар арасындағы жұмыссыздық: себептері мен шешу жолдары» атты тақырыпта пікірталас өткізді. 
Мақсаты: Пікірталас барысында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің себептері мен оны шешу жолдарын анықтау, студенттердің сыни ойлауын, зерттеушілік және шешендік қабілеттерін дамыту болып табылады.
Қазіргі заманда жастардың қоғамдағы орны ерекше болғанымен, олар жұмыссыздық сияқты күрделі мәселемен жиі бетпе-бет келеді. Бұл мәселенің тереңдігі жыл сайын артып, еңбек нарығындағы теңсіздік, білім беру жүйесінің олқылықтары мен аймақтық айырмашылықтардан туындауда.
Жастар арасындағы жұмыссыздық – бүгінгі күні өзекті әрі алаңдатарлық әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Жастар жұмыссыздығы – еңбекке қабілетті, білім алған немесе алуға ниетті жастардың жұмыс таба алмауы. Бұл құбылыс жеке тұлға ғана емес, жалпы қоғам үшін де қауіп төндіреді: әлеуметтік теңсіздік, эмиграция, қоғамдық тұрақсыздық, білікті кадр тапшылығы пайда болады.
Бұл пікірталас жастар арасында өзекті әлеуметтік мәселелерді терең түсініп, оларды шешуге деген белсенді көзқарас қалыптастыруға ықпал етті. Осындай іс-шаралар студенттердің азаматтық ұстанымын күшейтіп, қоғамдағы өз орнын табуға мотивация береді.

Пікірлер орны (0)