
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және терроризмге, экстремизмге және қазіргі заманның басқа да сын-қатерлеріне қарсы тұру мәселелеріне ғылыми және қоғамдық қызығушылықты дамытуға бағытталған «Қалқан» эссе байқауының жеңімпаздары жарияланды.
Байқаудың мақсаты: Жастарды қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін мазмұнды зерттеуге, лаңкестіктен туындайтын қауіптерді түсінуге және қоғамды қорғаудың тиімді жолдарын табуға ынталандыру.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева «Үздік эссе» аталымы бойынша І дәрежелі дипломмен ВҚДҚ 01-25 тобының студенті Өмірәлі Бейбарысты, ІІ дәрежелі дипломмен ММҚ 02-25 тобының студенті Алуа Мансурованы, ІІ дәрежелі дипломмен ВМ МОБ 12-25 тобының студенті Б. Ниязбековті марапаттады. Ал, ІІІ дәрежелі дипломға ВМ ПҚБ 01-25 тобының студенті А. Акмамбетова, ВМ МОА 12-25 тобының студенті Р. Сабиржанова мен Н. Егізбек ие болды.
Байқау жеңімпаздары қаржылай, естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

