
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін арттыру.
«Дөңгелек үстел» жұмысына оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Сәлім Қалтұрсынұлы, кафедра меңгерушісі Дауренбеков К.Н., академияның комплаенс-офицері Пернебаев Нұрғали Әліханұлы және кафедра оқытушылары мен студенттер қатысты.
Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оны болдырмаудың жолдары және әрбір азаматтың осы бағыттағы жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты. Студенттер белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушылар жастардың бойында құқықтық сауаттылықты арттыру және әділетті қоғам құру жолында адалдықтың маңызын ерекше атап өтті.
