Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жастарды қолдау және болашақты...
15 қазан 2026
1
0
0

Жастарды қолдау және болашақты таңдау: ОҚМА-ның қалалық кәсіптік бағдар беру жобасына қатысуы

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «NEET санатындағы жастарды қолдау және жұмыссыздықты азайту: кәсіби бағдар беру және еңбек нарығына бейімдеу» жобасы аясында мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан арнайы өкілдер қатысып, түлектерге оқу орнының білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқуға түсу талаптары туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, медицина саласында білім алу мен болашақ мамандықты таңдауға қатысты мәліметтер алды.

Мұндай кездесулер мектеп бітіруші түлектердің болашаққа сенімді қадам жасап, кәсіби жолын дұрыс жоспарлауына мүмкіндік береді.

Пікірлер орны (0)