Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жатақхана біріншілігі
30 сәуір 2026
1
0
0

Жатақхана біріншілігі

2026 жылғы 29 сәуірінде ОҚМА АҚ жатақханасында жыл сайын дәстүрге айналған «Жатақхана біріншілігі» ұйымдастырылды. Бұл шара білім алушылардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жатақхана тұрғындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді.Жарыс 3 спорт түрінен өтті.Арқан тарту,гір тасы,дойбы.


Жарыс жеңімпаздары:
• Дойбы ойынынан

Ι-орын – Болатбек Дінмұхамед
ΙΙ-орын – Күмісбек Оразбай
ΙΙΙ- орын Нұрлан Жанел

• Гір тасы бойынша

Ι-орын – Бекен Дінислам
ΙΙ-орын – Болатбек Дінмұхамед
ΙΙΙ-орын – Әмірбек Еркебұлан

• Арқан тарту сайысынан

Ι-орын – 4 секция
ΙΙ-орын – 3 секция
ΙΙΙ- орын – 6 секция


Жеңімпаз білім алушылар дипломмен марапатталды.Бұл күн – студенттер үшін көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын естеліктерге толы ерекше сәтке айналды. «Жатақхана біріншілігі» алдағы жылдары да өз жалғасын тауып, жастардың жан-жақты дамуына жол ашады деп сенеміз.

Пікірлер орны (0)