Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жатақхана студенттеріне “Ортақ...
31 қазан 2025
2
0
0

Жатақхана студенттеріне “Ортақ мүдделер: көршілермен ортақ тақырыптарды қалай табуға болады” атты кездесу өтті

2025 жылдың 29 қазанында Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен «Жатақхана студенттеріне “Ортақ мүдделер: көршілермен ортақ тақырыптарды қалай табуға болады” атты кездесу өтті». Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, ұжымдық өмір мәдениетін дамыту және көршілермен өзара түсіністік орнатудың тиімді жолдарын үйрету болды. Кездесу барысында қатысушылар топтық ойындар мен психологиялық тренингтерге қатысып, бір-бірімен ашық сөйлесуге, ортақ қызығушылықтар арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Психологиялық қызмет мамандары студенттерге бейімделу процесінің психологиялық қырлары туралы кеңес беріп, қарым-қатынаста сенім мен сыйластықтың маңызын түсіндірді. Шара соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, жатақханадағы өмірдің сәтті өтуі үшін бір-бірін құрметтеу мен түсіністік танытудың маңызын атап өтті. Көпшілігі осындай психологиялық бағыттағы кездесулердің жиі өтуін қолдайтындарын жеткізді. Кездесуден кейін Психологиялық қызмет тарапынан студенттердің жаңа ортаға, жатақхана жағдайына және ұжымдық өмірге бейімделу деңгейін бағалауға арналған сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнама студенттердің бейімделу деңгейін анықтап, алдағы уақытта психологиялық қолдау жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Пікірлер орны (0)