Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Жедел коронарлы синдром» дөңг...
16 маусым 2025
3
0
0

«Жедел коронарлы синдром» дөңгелек үстел

2025ж, 13-наурыз күні ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызының ұйымдастыруымен «Сұңқар Премиум» клиникасында Түркістан облысы БСАК жалпы тәжірибелі дәрігерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел шарасы аясында БММУ терапия кафедрасының доценті, м.ғ.к., Беларусь Республикасы ДСМ жалпы тәжірибе бойынша бас маманы, Беларусь геронтологтар және гериатрлар қоғамының төрағасы Сушинский Вадим Эдуардович «Жедел коронарлы синдром. Миокард инфаркті» тақырыбында дәріс оқыды. Жедел коронарлы синдромның алғашқы тиімді көмегін Америкалық кардиологтар қауымдастығының 2025 жылғы ұсыныстарымен бөлісті. Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде диагностика және емдеу хаттамаларындағы өзгерістер қарастырылды. Дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында кері байланыс орнап, тақырыптың маңыздылығы көрініс тапты.

Пікірлер орны (0)