
1 желтоқсан күні қалалық жастар кітапханасында Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС stop» денсаулық сағатына қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С. Жакипова, стоматология факультетінің 1 курс білім алушылары қатысты . Шараның басты қонағы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС» алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың ұстазы Ибадуллаева Дильназ Атабековна, ЖИТС-тің алдың алу және оған қарсы күрес жөніндегі арнайы дәрістер оқып, ВИЧ-тің биологиялық табиғаты, адам ағзасына ену механизмі, иммундық жүйеге әсер ету ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. ПТР-тесттер туралы түсіндіріліп, олардың дәлдігі мен қолдану жағдайлары талқыланды. Сонымен қатар студенттерге Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал мен қауіпті топтар арасындағы таралу динамикасы туралы статистикалық деректер де ұсынылды. Барлық қатысушыларға кітапшалар мен парақшалар таратылып берілді. Кездесу соңында жастар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасып, денсаулықты қорғаудың маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.