
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармация» және «Фармацевтикалық өндірістік технология» білім беру бағдарламаларының білім алушылары «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының кураторларымен бірлесіп, «Жол» бейнесериалының тұсаукесеріне қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, жастардың қоғамдық санасын дамыту, өмірлік ұстанымдарын нығайту және жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
«Жол» бейнесериалының тұсаукесері білім алушыларға өмірлік құндылықтар, дұрыс таңдау жасау, қоғам алдындағы жауапкершілік және адам өміріндегі маңызды шешімдер туралы ой түюге мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында білім алушылар бейнесериалдың мазмұнымен танысып, оның тәрбиелік мәні мен жастарға берер тағылымына назар аударды.