
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы «Медицина» және «Фармация» факультетінің 1 - ші курс білім алушыларымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Бұл кездесу білім алушылардың патриоттық санасын арттыруға, қоғамдық ортада әдеп нормалары мен мәдениетті сақтауға, цифрлық дәуір талаптарын терең түсінуге, сондай-ақ Жаңа Қазақстанның дамуына үлес қосатын жас буын болуға бағыттайды. Жолдауда медицина және фармация саласындағы кәсіби және тұлғалық сапалары қалыптасқан бәсекеге қабілетті, көшбасшылық және жаңашылдық қасиеттері жоғары мамандарды даярлау сапасын арттыруға мән берілгендігі атап өтіліп, талдау жасалды.