Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жұмыс берушілермен дөңгелек үс...
29 сәуір 2026
1
0
0

Жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті

28.04.2026 жылы «Медициналық-профилактикалық іс» үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын өзектендіру мақсатында Академиялық комитет төрайымы доцент м.а. Ескерова С.У. «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының профессор-оқытушық құрамымен және Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мамандармен бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Облыстық клиникалық аурухананың бас эпидемиологы А.О.Қаработаева, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының ШЖҚ РМК «Түркістан облысы дезинфекция орталығы» филиалының бөлім басшысы Г.А.Карманова, Тұран аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы О.Т. Абдукаримов, Шымкент қаласы Обаға қарсы стансаның дәрігер-эпидемиологы С.Б. Усибалиева, ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысы ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының Санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің басшысы С.А.Ерназар, ОҚМА Медицина факультетінің декан орынбасары М.М.Дүйсенбаева және БҚМУ-нің Медицина докторанты З.К.Авизова, сонымен бірге «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі Д.М.Кульмирзаева оқытушылары: З.И.Бейсембаева, Ж.Б.Жаксыбаева және М.М.Оразовалар қатысты.

Дөңгелек үстелде Ескерова С.У. «Медициналық-профилактикалық іс» үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар «Медициналық-профилактикалық іс» үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасының мазмұны, соңғы оқыту нәтижелері, санитариялық-эпидемиологиялық бағыттағы базалық және кәсіби пәндерді, олардың модульдерге интеграциялануы туралы, сонымен қатар мамандықтың еңбек рыногындағы орны, практикалық қажеттілігі мен базалары жөніндегі мәселелерді талқылады. Соңында жұмыс берушілерге сауалнама жүргізілді.

Пікірлер орны (0)