
ОҚМА Отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Жұмалы Әріпбайұлы Қауызбайдың ұйымдастыруымен, жоғары санатты дәрігер, ассистент Күмісай Құлдыраққызы Аташованың жетекшілігімен ІТҚ 09-26 тобы интерн дәрігерлері Шымкент қалалық №1 емханасында емхана дәрігерлерімен бірлесе отырып, «жұқпалы аурулардың алдын алу және кәсіби тәжірибе алмасу» тақырыбында маңызды семинар-дәріс өткізді.
Шара барысында топтың үздік интерн дәрігері Бергалиева Зарина ЖРВИ тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, маусымдық жұқпалы аурулардың алғашқы клиникалық көріністерін баяндады. Ал, емхана дәрігерлері қазіргі эпидемиологиялық жағдайды егжей-тегжейлі талқылап, тұмауға қарсы вакцинацияның басталғанын және оны салудың маңыздылығын халыққа жан-жақты түсіндіру қажет екенін айтты.
Осы орайда, Шымкент қалалық №1 емханасының бас дәрігері Махамбет Абдезимович Бейсеуовке жас мамандарды қолдауда, оларды кәсіби тұрғыдан тәрбиелеуде және тәжірибе алмасуға жан-жақты мүмкіндік жасағаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!
Болашақ дәрігерлердің біліктілігін арттырып, халық денсаулығын сақтау жолындағы бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба берсін.