Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Жұқпалы аурулардың алғашқы кл...
3 желтоқсан 2025
1
2
3

«Жұқпалы аурулардың алғашқы клиникалық көріністері»

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру – маңызды қоғамдық міндеттердің бірі. Әсіресе жұқпалы аурулардың таралу қаупі артқан кезеңдерде оқушылардың санитарлық-гигиеналық мәдениетін арттыру, аурудың белгілерін ерте тануға үйрету, сондай-ақ оның алдын алу тәсілдерін меңгерту – денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта «Отбасылық медицина» кафедра меңгерушісі Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы және кафедра ассистенті Тәжиева Айгүл Дүйсебековнаның жетекшілігімен 7- курс ІЖДТҚ-13-24 және ІЖДТҚ-14-24 топ дәрігер-интерндері № 78 Жалпы орта білім беретін мектептің 7, 8, 9 оқушыларына «Жұқпалы аурулардың алғашқы клиникалық көріністері және алдын алу» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырды.
Дәріс барысында оқушыларға жұқпалы аурулардың табиғаты, таралу жолдары мен қауіп факторлары жөнінде түсінік берілді. Ең алдымен дәрігер – интерндер  жұқпалы аурулардың адам ағзасына вирус, бактерия, паразит немесе саңырауқұлақтардың түсуі арқылы дамитынын түсіндірді. Дәріс барысында оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе тұмау маусымында қалай сақтану керек, бөртпе пайда болғанда не істеу қажет деген тақырыптар қызығушылық тудырды. Қосымша шағын топтық ойын өткізілді: әр топқа аурудың белгілері мен алдын алу тәсілдері жазылған карточкалар беріліп, оларды дұрыс сәйкестендіру тапсырылды.
Дәріс өз мақсатына жетіп, оқушылардың білім деңгейін арттыруға, дұрыс әдеттер қалыптастыруға оң ықпалын тигізді.

Пікірлер орны (3)
Салхожаева Кулзира Кенесовна
👏👏👏👍
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
👍👍👍👍👍
Динара Нарзуллаева
Керемет, Дәрігер-интерндерге сәттілік тілеймін👍💪