Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Жұқпалы аурулардың алғашқы кл...
15 мамыр 2026
1
0
0

«Жұқпалы аурулардың алғашқы клиникалық көріністері»

Педиатрия -1 кафедрасының ассистенті Мөлдір Эскараева 7-курс интерндерімен бірге №80 мектеп-лицейінде «Жұқпалы аурулардың алғашқы клиникалық көріністері» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жұқпалы аурулардың алғашқы белгілерін ерте анықтау, олардың алдын алу жолдарын түсіндіру және халықтың медициналық сауаттылығын арттыру болды.Кеңес беру барысында COVID-19, тұмау, жыныстық жолмен берілетін аурулар және басқа да жұқпалы аурулардың алғашқы клиникалық белгілері туралы толық ақпарат берілді. Қатысушыларға аурудың таралу жолдары, сақтану шаралары, жеке гигиенаның маңыздылығы және уақытылы дәрігерге қаралу қажеттілігі түсіндірілді.

Пікірлер орны (0)