Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Жүректен жүрекке» қайырымдылы...
8 қазан 2026
1
0
0

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын жүзеге асыру аясында Терапия кафедрасы бакалавриат білім беру бағдарламасының студенттерімен бірлесіп Шымкент қаласындағы мамандандырылған балалар үйіне барды.

Іс-шара барысында студенттер тәрбиеленушілерге қажетті қолдау көрсетіп, оларға көңіл бөліп, жылы қарым-қатынас орнатты. Аталған бастама болашақ медицина мамандарында ізгілік құндылықтарын, мейірімділік пен қайырымдылықты, әлеуметтік жауапкершілікті және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Терапия кафедрасы болашақ мамандардың кәсіби және адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастыруда.

Пікірлер орны (0)