Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары "Журналистикадағы азаматтық үн...
25 ақпан 2026
1
0
0

"Журналистикадағы азаматтық үн: Темірбек Қожакеев мектебі"

24.02.2026ж. Темірбек Қожакеевтің 100 жылдығына арналған «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы және ВМ-СҚАБ-03-24 тобының студенттерінің ұйымдастырылуымен "Журналистикадағы азаматтық үн: Т. Қожакеев мектебі" атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, ғалым Темірбек Қожакеевтің ғылыми мұрасын насихаттау, оның қалыптастырған журналистика мектебінің маңызын айқындау және азаматтық журналистика ұстанымдарының бүгінгі медиа кеңістіктегі өзектілігі талқыланды. Т.Қожакеевтің ғылыми-публицистикалық еңбектеріне тоқталып, оның сатира жанрын дамытудағы рөлін сомдап және пікірталас сайысымен өрбіді.  Дөңгелек үстел аясында ғалымның еңбектеріне арнайы көрме ұйымдастырылып, архивтік материалдар мен жарияланымдар таныстырылып, баяндамалар жасалынды.

Пікірлер орны (0)