2025 жылдың сәуір айында «Жастар көзімен ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Жылдың ең үздік жас ғалымы – 2025» халықаралық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрант, «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының магистранты Ерсайынова Аян Булатбекқызы II дәрежелі Дипломмен, медальмен және құрметті статуэткамен марапатталды. Сонымен қатар, ғылыми жетекшісі Шертаева Клара Джолбарисовна жоғары кәсіби ғылыми жетекшілігі үшін алғыс хат табысталды.
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы магистрант пен ғылыми жетекшіні лайықты марапатымен құттықтап, бұл жетістік — табандылықтың, ғылыми белсенділіктің және академиядағы білім беру процесінің жоғары сапасының нәтижесі екенін атап өтті.
Байқау мен конференцияның басты мақсаты — жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамыту, инновациялық идеяларды қолдау және болашағы зор ғылыми жобаларды алға жылжыту болды. Конференцияның қорытындысы ретінде қатысушылардың ғылыми жетістіктері салтанатты түрде танылып, марапаттау рәсімі өтті.