Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Жылдың үздік жас ғалымы
30 мамыр 2025
1
0
0

Жылдың үздік жас ғалымы

2025 жылғы 25 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "National ACADEMY of SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH (NAcSIR)" ұйымдастырған "Ғылым-жастардың көзімен" халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өтті, осы конференция шеңберінде "Үздік жас ғалым"атағын алуға арналған халықаралық конкурс өтті. Қатысуға еліміздің студенттері, магистранттары, резиденттері, phD докторанттары мен жас ғалымдары шақырылды.
Осы конференция жұмысына академиямыздың "клиникалық фармация" траекториясының 7M101042 "Фармация" ББ магистранттары Туреханова Аружан Сәбитқызы және Кулбаева Мөлдір Мұхтарқызы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Магистранттардың ғылыми жетекшілері - фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.к., асс.профессор Токсанбаева Жанат Сәдебекқызы және кафедра доценті, фарм.ғ.к. Ибрагимова Айгүл Гаффарқызы.
2025 жылғы 28 мамырда ОҚМА ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы магистранттар мен олардың ғылыми жетекшілерін құттықтап, жеңімпаздарға ғылыми-зерттеу қызметінде жаңа табыстар мен жетістіктер тілей отырып, "Жылдың үздік жас ғалымы" номинациясы бойынша дипломдар, мүсіншелер мен төсбелгілерді табыс етті.

Пікірлер орны (0)