«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары Г.С. Айдарбекова және А.Ә Мырзазияның ұйымдастыруымен репродуктивті, психикалық денсаулық мәселелері, сондай-ақ тәуелділік (маскүнемдік, нашақорлық, лудомания, құмар ойындар және т. б.), балаларды жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары арасында қорқыту мен кибербуллингтен қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Мақсаты: білім алушылардың репродуктивті және психикалық денсаулығын сақтау мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттерден (маскүнемдік, нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік және т.б.) аулақ болуға шақыру, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдарын түсіндіру арқылы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау, маскүнемдік, нашақорлық, лудомания, құмар ойындар сияқты зиянды тәуелділіктердің алдын алу жолдары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларды қорқыту (буллинг) және кибербуллингтен қорғау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Осындай алдын алу бағытындағы іс-шаралар жас ұрпақтың денсаулығын қорғауға, қауіпсіз орта қалыптастыруға және саналы, білімді тұлғаны тәрбиелеуге септігін тигізеді.