
11 наурыз 2026 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ФӨТҚБА-03-25 топ студенттері «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы» тақырыбына орай зияткерлік ойын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, білімдерін кеңейту және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды. Ойын барысында қатысушылар Наурыз мейрамының тарихы, салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен әдет-ғұрыптары туралы түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Сонымен қатар, студенттер топтарға бөлініп, өзара пікір алмасып, тапқырлық пен жылдамдықтарын көрсетті. Зияткерлік ойын өте қызықты әрі тартымды өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, мерекелік көңіл-күй қалыптасты.
Аталған іс-шара студенттердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, достық пен бірлікті нығайтуға және мәдени танымын кеңейтуге үлкен үлес қосты.