
Құрметті әріптестер!
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Денсаулық сақтау – дайындық бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің оқу-әдістемелік бөлімімен бірлесе, Сіздерге құрмет көрсете отырып, Сіздердің профессор, оқытушы, жас ғалымдарыңыздың секция отырысында сөз сөйлеуі үшін, 2026 жылы 17 сәуірде өтетін «Медициналық білім беруді трансформациялау: жаһандық трендтер және болашақ мамандарын даярлау» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция бағдарламасында РОӘК ОӘБ, ҚР медициналық ЖЖОКБҰ, серіктес жоғары оқу орындарының қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстар өтеді.
Конференцияның мақсаты Іс-шара шеңберінде медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлауда жасанды интеллектті, цифрлық құралдарды, оқытудың интерактивті әдістерін, симуляциялық технологияларды және басқа да инновацияларды пайдалану мәселелері, сондай-ақ түлектерді Денсаулық сақтау және фармацевтикалық практика саласының тез өзгеретін жағдайларына табысты бейімдеу үшін осы салалардағы білім сапасын арттыру жолдарын талқылау.
Конференция форматы: ZOOM-конференция ұйымдастырумен гибридті форматта (офлайн-қашықтықтан) конференция өткізу.
Өткізу орны (офлайн/онлайн): Шымкент қ. (Қазақстан), әл-Фараби алаңы, 1, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ.
Конференция жұмысының басталуы: сағат 09.00.
Конференцияның барлық мақалалары «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ шығаратын медицина, фармация және денсаулық сақтау саласындағы рецензияланатын «Қазақстан медицина және фармация (KJMPh)» журналында жарияланады. Журнал Information Service, for Physics, Electronics and Computing (InspecDirect) халықаралық деректер базасында,. ҚазБО-да индекстеледі.
«Медициналық білім беруді трансформациялау: жаһандық трендтер және болашақ мамандарын даярлау» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның секциялық отырыстарына қатысу үшін өтінім беруді (1-қосымша) және талаптарға сәйкес мақалалар (қолжазбалар) мен оған ауызша баяндамалар (презентациялар) (2-қосымша) жіберуді сұраймыз.
Іс-сапар шығындарын жіберуші тарап төлейді.
Қосымша: 1,2
«Медициналық білім беруді трансформациялау: жаһандық трендтер және болашақ мамандарын даярлау»
(17 сәуір 2026ж.)
Қосымша- 2
Конференция бағдарламасында секциялық отырыстар өтеді:
1-секция: Фармация тәжірибесінің жасанды интеллект негізіндегі өзгеруі.
2-секция: Болашақ дәрігердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы жалпы білім беру пәндерінің интеграциясы.
3-секция: Симуляциялық және клиникалық оқыту: виртуалды клиникадан шынайы тәжірибеге дейін.
4-секция: Медициналық білім берудегі цифрлық трансформация және AI.
5-секция: Ғылым мен білімнің интеграциясы: жобаға бағытталған оқыту.
6-секция: Клиникалық тәжірибе үшін базалық пәндердің пәнаралық дағдыларын қалыптастыру.
7-секция: Белсенді және интеграцияланған оқыту: клиникалық ойлауды қалыптастырудың әдістемелері
Конференцияға ұсынылатын мақалалар, баяндамалар медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы өзекті ғылыми зерттеулердің тәжірибесін, жетістіктері мен нәтижелерін қамтуы және білім беруде теориялық және/немесе практикалық маңызы болуы тиіс.
Конференцияны өткізудің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Өткізу форматы: гибридті (офлайн және онлайн)
Өтетін орны: ҚР, 160019, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 1. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Пленарлық баяндамалар мен баяндамаларды Ұйымдастыру комитеті айқындайды.
Конференцияға қатысушының электрондық сертификаттары қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.
Конференция материалдары бойынша «Қазақстан медицина және фармация (KJMPh)» ғылыми журналын «ОҚМА» АҚ сайтында орналастыру және оны жүктеу үшін сілтеме жіберу.
Мақалаларға (қолжазбаларға) қойылатын талаптар
Конференцияның барлық мақалалары «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ шығаратын медицина, фармация және денсаулық сақтау саласындағы рецензияланатын «Қазақстан медицина және фармация (KJMPh)» журналында жарияланады. Журнал Information Service, for Physics, Electronics and Computing (InspecDirect) халықаралық деректер базасында, ҚазБВ-да индекстеледі;.
"Қазақстан медицина және фармация" журналына ұсынылатын қолжазбалар түпнұсқа, бұрын жарияланбаған болуы тиіс. Ұсынылатын мақалаларға (қолжазбаларға) толық ақпарат ЖОО сайтында сілтеме бойынша ұсынылған:
https://kjmph.kz/kz (қазақ тілінде)
https://kjmph.kz/ru (орыс тілінде)
https://kjmph.kz/en (ағылшын тілінде)
Мақалаларды қабылдау 2026 жылдың 16 наурызға дейін жүргізіледі.
Қолжазбаларды электрондық мекенжайға жіберу: rashevabakyt0101@gmail.com
Мақаланы «Қазақстан медицина және фармация журналы (KJMPh)» ғылыми журналына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына өтінімді, мақала мәтінін және плагиатқа қарсы мәтінді тексеруді растайтын құжатты (бірегейлігі кемінде 70%-ды құрауы тиіс) бір хатта тіркелген үш файлмен жіберу қажет.
Ауызша баяндамаға қойылатын талаптар:
Баяндама презентация көрсетілімімен бірге жүруі керек (PowerPoint 2003-2016).
Пленарлық сөз сөйлеу ұзақтығы 7-10 минуттан аспауы тиіс.
Секциялық отырыстардың ауызша хабарламасының (баяндаманың) ұзақтығы 5-7 минуттан аспауға тиіс.
Баяндаманың презентациясы жалпы қабылданған ережелерге сай болуы керек, оның ішінде бірінші слайдта ЖЖОКБҰ/ЖОО/ұйымның атауы, жұмыс атауы, баяндамашының толық аты - жөні, қаласы, елі және соңғы слайдта - баяндамашының байланыс деректері
ұсынылуы тиіс. (e-mail, телефон)
Баяндамалардың ұзақтығы Конференция бағдарламасымен қатаң анықталады. Конференцияны тиімді өту үшін ұйымдастыру комитеті баяндамашылардан регламент сақтауды және өз баяндамаларын алдын ала түзетуді, хронометраждауды сұрайды.
Ауызша баяндамаларды қабылдау 2026 жылдың 16 наурызға дейін жүргізіледі. Баяндамаларды электрондық мекен-жайға жіберу: rashevabakyt0101@gmail.com
Конференцияға баяндамамен қатысу үшін 2026 жылғы 16 наурызға дейін электрондық мекен-жайға өтінім жіберу қажет: rashevabakyt0101@gmail.com
Қатысудың қаржылық шарттары: Конференцияға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарна алынбайды!
Трансфер және орналастыру: іс-сапар шығындарын жіберуші тарап төлейді. Трансфер қызметтері ұсынылмайды.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Шымкент қ. (Қазақстан), Әл-Фараби алаңы, 1, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Оқу-әдістемелік орталық, каб.207
- 1 секция бойынша - Серикбаева Айгуль Джумадуллаевна, тел.: 8 777 601 33 67
- 2 секция бойынша - Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы, тел.: 8 747 134 34 80
- 3 секция бойынша - Калменов Нурлан Джуманович, тел.: 8 778 614 12 82
- 4 секция бойынша - Иванова Марина Борисовна, тел.: 8 771 324 15 09
- 5 секция бойынша – Сейтханова Бибигуль Толегеновна, тел: 8 701 553 17 93
- 6 секция бойынша – Сейдахметова Айзат Ашимхановна, тел.: 8 701 767 14 48
- 7 секция бойынша – Қауызбай Жұмалы Арипбаевич, тел.: 8 701 767 14 49
Конференцияны ұйымдастыру комитеті конференция бағдарламасының негізгі бағыттарынан тыс мәлімделген баяндамаларды қабылдамауға және жоғарыда аталған талаптар сақталмаған мақалаларды жарияламауға құқылы. Мәтін стилистикалық және техникалық жағынан өңделуі керек. Ұйымдастыру комитеті мақалалар мәтінін редакциялауды көздемейді. Бір адам үштен артық автор немесе бірлескен автор бола алмайды .
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті