Войти
Басты бет Факультеттер Мейіргер ісі - 2 кафедрасы
Мәзір
Негізгі ақпарат

Мейіргер ісі - 2 кафедрасы

Мейіргер ісі - 2 кафедрасы

«ОҚМА» АҚ медициналық колледжінде 2023 жылғы 22 тамыздағы № 770 бұйрығымен «Мейіргер ісі -2» кафедрасы ұйымдастырылды. Осы бұйрық негізінде кафедра меңгерушісі болып Айбекова Гулнур Нуржановна тағайындалды.
Кафедраның жұмыс процесі оқу-әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім алушыларды оқытудың ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауы болып табылады.

Кафедраның мақсаттары:

• Кәсіптік этика және деонтология қағидаттарын, мейіргерлік манипуляцияларды талдау және қабылдау қабілетін, мақсат қою және оған жету жолын үйрету;
• Мейіргерлік күтім жоспарын ұйымдастыруды білу;
• Науқастарға сапалы күтім көрсетуді үйрену;
• АІЖ алдын алуды үйрену;
• Медициналық ұйымдардағы қауіпсіз ауруханалық орта. Санитарлық - эпидемияға қарсы режимін сақтауды меңгеру;
• Науқастың функциональды жағдайын бағалауды үйрену;
• Науқастардың жеке бас гигиенасын сақтауды үйрену;
• Медициналық ұйымдарда тағаммен емдеуді ұйымдастыруды меңгеру;
• Дәрі дәрімектерді қолдану жолдары мен әдістері,ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіруді білу;
• Науқасты лабораториялық және аспаптық зерттеулерге дайындауды білу.

 

Кафедра оқу жұмыс жоспарына сәйкес оқу жұмысын жүргізеді. Негізгі оқу курстары:

Мамандығы 09110100 - "Стоматология" Біліктілігі - 4S09110102 - "Дантист", «Мейіргер ісі негіздері», «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» - 2 курс.
Мамандығы 09130200 - "Акушерлік іс", Біліктілігі - 4S09130201 - "Акушер" «Мейіргер ісі негіздері», «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар», «Жалпы гигиена негіздерімен денсаулықты нығайту», «Паллиативтік көмек және онкология» - 1,3 курс.
Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі», Біліктілігі: 4S09110102 «Фельдшер» - «Мейіргер ісі негіздері», «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар», «Жалпы гигиена негіздерімен денсаулықты нығайту», «Паллиативтік көмек және онкология» - 2,4 курс.
Мамандығы: 09160100 - "Фармация", Біліктілігі: 4S09160101 - "Фармацевт" - «Фармациядағы жалпы гигиена негіздері» 1 курс.
Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі», Біліктілігі: 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер» - «Мейіргер ісі негіздері», «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар», «Жалпы гигиена», «Паллиативтік көмек және онкология», «Геронтологиялық мейірбике күтімі» «Шұғыл мейіргерлік күтім», «Оңалтудағы мейіргер ісі», «Денсаулықты нығайту», «Науқастарды оқыту», «Мейіргер ісіндегі әлеуметтік жұмыс», «Мейіргерлік істегі дәлелді практика» «Мейіргерлік істегі қауіпсіздік пен сапа»- 2,3,4 курс.
Мамандығы: 09110200 «Ортопедиялық стоматология», Біліктілігі: 4S09110201 «Тіс технигі»- «Кәсіби этика, деонтология және қарым қатынас психология»-1 курс.
Оқылатын пәндердің жаңаруы - кафедраның пәндері жыл сайын жаңартылып отырады.

Байланыс

Мекен-жайы: "ОҚМА" АҚ № 2 корпус, 2-қабат
Тел: 8 (775)-925-12-20
e-mail: sestrinskoe_delo2023@mail.ru