Войти
Басты бет Факультеттер «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы
Мәзір
Негізгі ақпарат
ПОӘК
Портфолио

«Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы

«Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы

«Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы 2020-2021 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медицина колледжіне қарасты бөлім ретінде құрылды. Кафедра ашылған күннен бастап білікті мамандармен қамтамасыз етіліп келеді. Кафедраның меңгерушісі педагогика ғылымдарының магистрі Сатаев Амангелді Тойболұлы.
Кафедрадағы оқу процесін 49 оқытушы жүргізеді, оның 11 магистрант. Кафедраның оқытушылар құрамы 1-2 курс білім алушыларына Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша бекітілген пәндер бойынша теориялық сабақтар жүргізеді. Кафедрада негізгі орынды оқу, ғылыми жұмыс, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы алады.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылар құрамы оқу, оқу-әдістемелік жұмыстармен қатар жастар арасында тәрбие беру жұмыстарымен де қызу айналысады.
Кафедрада білім берудің барлық нысандары үшін барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттамалары бар: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, жұмыс оқу жоспарлары, барлық пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары (силлабустар).
Кафедра оқытушылары білім алушылар арасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және белсенді өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруда өз пәндерінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Көптеген оқытушылар, магистранттар оқу орнының қаланың, облыстың, республиканың қоғамдық өміріне белсене қатысады.
Оқытушылар түрлі іс-шараларға, конференцияларға, олимпиадаларға қатысады.

 

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының негізгі міндеттері

• Оқу және тәрбие үрдісін дамыту, тұлғаның өзін-өзі тануы үшін қажетті жағдайлар туғыза отырып, кафедраның қызметін жетілдіру;
• Білім алушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу және ізденісін ұйымдастыру;
• Оқытушылардың біліктіліктерін көтеру;

 

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында төмендегі пәндер оқытылады:
• Қазақ (орыс) тілі
• Қазақстан тарихы
• Графика және жобалау
• Математика
• Физика
• География
• Қазақ (орыс) әдебиеті
• Қазақ тілі және әдебиеті
• Орыс тілі және әдебиеті
• Шет тілі
• Информатика
• Биология
• Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
• Кәсіби қазақ (орыс) тілі
• Кәсіби шет тілі
• Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері
• Латын тілі
• Саясаттану және әлеуметтану негіздері
• Философия және мәдениеттану негіздері
• Дене тәрбиесі
Пәндер қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Байланыс

Кафедраның мекенжайы: Әл-Фараби алаңы. №5 оқу ғимараты, №302 кабинет
Телефон 8(7252) 39-57-57
E-mail: kaf.kolleg@mail.ru

Колледж

БӨҚ 2025-2026

Жұмыс бағдарламалары 2025-2026

Силлабустар 2025-2026

Әдістемелік нұсқаулар 2025-2026