Войти
🤖 SKMA AI Assistant

Образовательная программа микроквалификации

Жаңа туған нәрестелер мен жас балаларға арналған аудиологиялық скрининг;

Микробіліктілік білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы

 

1. Білім беру бағдарламасының негізгі бағыты

Бағдарлама денсаулық сақтау саласына жатады, атап айтқанда педиатрия, неонатология және аудиология бағыттарын қамтиды. Жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларда есту бұзылыстарын заманауи скринингтік технологиялар арқылы ерте анықтауға арналған мамандарды даярлауға бағытталған.

 

2. Микроквалификация ББ мақсаты

Тыңдаушыларда аудиологиялық скрининг жүргізу, зерттеу нәтижелерін интерпретациялау және балалардағы есту бұзылыстарын ерте диагностикалауды ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастыру. Бұл өз кезегінде уақтылы араласуды қамтамасыз етуге және сөйлеу мен психоэмоционалдық дамудың кешеуілдеуінің алдын алуға бағытталған.

 

3. Микробіліктілік ББ міндеттері

  1. - Жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардағы аудиология және есту физиологиясының теориялық негіздерін меңгеру;
  2. - Аудиологиялық скринингтің әдістері мен технологияларын (ОАЭ, АБР және т.б.) зерттеу;
  3. - Скринингтік зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
  4. - Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау және есту бұзылыстарының қауіп факторларын анықтау;
  5. - Пациенттерді әрі қарай тексеру мен емдеуге бағыттау бойынша құзыреттерді дамыту;
  6. - Скрининг жүргізудің халықаралық және ұлттық стандарттарымен танысу.

 

4. Білім беру бағдарламасының негіздемесі

Балалардағы есту бұзылыстарын ерте анықтау олардың сөйлеу, когнитивтік және әлеуметтік дамуы үшін шешуші фактор болып табылады. Уақтылы диагностика болмаған жағдайда сөйлеу қабілетінің, оқу қабілетінің және әлеуметтік бейімделудің тұрақты бұзылыстары қалыптасуы мүмкін. Жаңа туған нәрестелерге арналған аудиологиялық скрининг бағдарламаларын енгізу халықаралық медициналық көмек стандарты ретінде танылған. Алайда заманауи скрининг әдістерін қолдана алатын және алынған нәтижелерді дұрыс интерпретациялайтын білікті мамандарға қажеттілік сақталуда. Осы білім беру бағдарламасы аталған қажеттілікті жоюға және есту бұзылыстарын ерте диагностикалау сапасын арттыруға бағытталған.

 

 

Пәндер туралы ақпарат:

Пәннің атауы

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Кредит саны

Академиялық сағаттар саны

Қалыптасқан құзыреттер (кодтар)

1

Жаңа туған нәрестелер мен жас балалардың аудиологиялық скринингіне кіріспе

Аудиологиялық скринингтің негіздері, жаңа туған нәрестелер мен жас балалардағы есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтаудың мақсаттары мен міндеттері, Денсаулық сақтау жүйесіндегі скринингтің ұйымдастырылуы мен маңызы.

 

10

РО1,РО2

2

Есту анализаторының анатомиясы және физиологиясы

Балалардағы есту жүйесінің құрылымы мен қызметі, ерте жастағы есту қабілетінің даму ерекшеліктері

 

10

РО1

3

Аудиологиялық скрининг әдістері

БАӘ және АДБ әдістерін зерттеу, тексерулер жүргізудің көрсеткіштері мен принциптері

 

10

РО2,РО3

4

Скрининг жүргізу тәжірибесі

Аудиологиялық скринингті орындаудың және жабдықпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру

 

10

РО3, РО4

5

Нәтижелерді түсіндіру және бағыттау

Скрининг нәтижелерін талдау, ауытқуларды анықтау және пациенттерді одан әрі тексеруге жіберу

 

10

РО4,РО5

6

Скринингті ұйымдастыру және стандарттары

Халықаралық және ұлттық стандарттар, аудиологиялық скрининг қызметін ұйымдастыру

 

10

РО5

 

Әзірленетін оқу нәтижелері:

ОН1.

Жаңа туған нәрестелер мен жас балалардағы есту анализаторының анатомиясы мен физиологиясы туралы білімдерін көрсету.

ОН2.

 Баланың дамуы үшін есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтаудың принциптері мен маңыздылығын түсініру.

ОН3.

Заманауи жабдықты пайдалана отырып, аудиологиялық скрининг жүргізу әдістерін (БАӘ, АДБ) меңгеру .

ОН4.

 Аудиологиялық скрининг нәтижелерін түсіндіру және есту функциясының ықтимал ауытқуларын анықтау .

ОН5.

Есту қабілетінің бұзылуы бойынша тәуекел топтарын анықтау және одан әрі тексеру қажеттілігі туралы шешім қабылдау.

ОН6.

 Қолданыстағы денсаулық сақтау стандарттары мен хаттамаларына сәйкес скрининг процесін ұйымдастырылады.

ОН7.

Ауруды ерте анықтау үшін, пациенттерді мамандандырылған тексеруден өткізу.

ОН8.

Скрининг жүргізу кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды, асептика және антисептика принциптерін сақтау.

ОН9.

Аудиологиялық скрининг нәтижелері бойынша медициналық құжаттаманы ресімдеу.