Микробіліктіліктің білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы:
1. БББ негізгі бағыты.
Бағдарлама денсаулық сақтау саласына жатады және базалық және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын (BLS, ACLS, PALS, PHTLS) қоса алғанда, шұғыл медициналық көмектің практикалық-бағдарланған құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ жедел жағдайларды (FAST хаттамасы бойынша жедел ми қанайналымының бұзылыстарын қоса) бастапқы диагностикалау және триаж жүйесінің қағидаттары қарастырылады.
2. Микробіліктіліктің БББ мақсаты.
Білім алушыларда әртүрлі жас топтарында жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, өмірге қауіп төндіретін жағдайларды ерте тану және медициналық көмектің басымдылығын айқындау үшін триаж алгоритмдерін қолдану бойынша жүйелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
3. Микробіліктіліктің БББ міндеттері.
- BLS, ACLS, PALS және PHTLS алгоритмдерін халықаралық стандарттарға сәйкес меңгеру;
- ересектер мен балаларда жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
- FAST-тест көмегімен инсульттің ерте белгілерін тануды үйрету;
- пациенттің жағдайын бастапқы бағалау және триаж жүйесі бойынша сұрыптау құзыреттерін дамыту;
- шұғыл жағдайларда командалық өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіру;
- клиникалық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
4. Білім беру бағдарламасының негіздемесі.
Шұғыл жағдайлар халық өлім-жітімі мен мүгедектігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, ал пациенттің өмір сүру нәтижесі көбінесе алғашқы және кеңейтілген көмектің уақтылы әрі дұрыс көрсетілуіне байланысты. BLS, ACLS, PALS және PHTLS халықаралық алгоритмдері шұғыл медициналық көмектің стандарттары ретінде танылған және медициналық қызметкерлердің міндетті практикалық даярлығын талап етеді. Сонымен қатар FAST хаттамасын қолдана отырып инсультті ерте анықтау және триаж жүйелерін енгізу пациенттерді жағдайының ауырлығына қарай тиімді бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл бағдарлама медициналық қызметкерлердің шұғыл және критикалық жағдайларда әрекет ету дайындығын арттыруға, өлім-жітімді азайтуға және медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.
Пәндер туралы ақпарат:
|
№ |
Пәннің атауы |
Пәннің қысқаша сипаттамасы |
Кредит саны |
Академиялық сағаттар саны |
Қалыптасқан құзыреттер (кодтар) |
|
|
BLS, ACLS, PALS, PHTLS. BLS, ACLS, PALS, PHTLS, FP-C және инсульттің алғашқы симптомдарын оқыту (FAST тест). Триаж жүйесі |
Пәннің оқу бағдарламасы, госпитальға дейінгі кезеңде жиі кездесетін шұғыл жағдайларды оқып үйренуді көздейді. Шұғыл жағдайлардың этиологиясын, диагностикасын үйренумен қатар, дәлелді медицина тұрғысынан, тәжірибелік дағдыларды: жүрек-өкпе реанимациясын (BLS, ACLS, PALS), госпитальға дейінгі кезеңде жарақат кезінде көмектесу (PHTLS) және басқа шұғыл жағдайлар (FP-C) кезінде, халықаралық стандарттарға сай көмектесуді үйренуге аса көңіл бөлінеді. |
2 кред. |
60 сағат |
ОН1 |
Әзірленетін оқу нәтижелері:
|
ОН1. |
"Халықаралық стандарттар (AHA/ERC 2020) негізінде ересектер, балалар және нәрестелердегі критикалық жағдайларды диагностикалау, D-R-C-A-B алгоритмі бойынша жоғары сапалы реанимациялық шараларды (СЖЖ, АСД қолдану, тыныс жолдарын қалпына келтіру) жеке және команда құрамында тиімді орындау." |
|
ОН2. |
"Критикалық жағдайдағы пациенттерге жүйелі клиникалық бағалау жүргізу, ACLS алгоритмдеріне сәйкес өмірге қауіпті ырғақ бұзылыстарын дифференциалды диагностикалау, инвазивті манипуляциялар мен фармакотерапияны қолдана отырып, реанимациялық топты басқару және реанимациядан кейінгі күтімді үйлестіру." |
|
ОН3. |
"Педиатриялық науқастардың жай-күйін PAT (Pediatric Assessment Triangle) жүйесі бойынша жедел бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес шок түрлері мен ырғақ бұзылыстарын саралау, PALS алгоритмдері негізінде дәрілік дозаларды дәл есептей отырып, инвазивті көмек көрсету және реанимациядан кейінгі тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру." |
|
ОН4. |
"Жарақат алған науқасқа XABCDE алгоритмі бойынша кешенді бағалау жүргізу, өмірге қауіп төндіретін сыртқы қан кетулер мен тыныс алу бұзылыстарын (пневмоторакс) дереу жою, заманауи иммобилизация әдістерін қолдана отырып, 'алтын сағат' ережесі шеңберінде науқасты тұрақтандыру және тасымалдауды ұйымдастыру." |
|
ОН5. |
"Ұшу физиологиясының заңдылықтарын (гипоксия, дисбаризм) ескере отырып, шектеулі кеңістікте аса ауыр науқастарды тасымалдауды жоспарлау; IMSAFE және MIST стандарттары бойынша қауіпсіздік пен есептілікті қамтамасыз ету; ұшу кезінде гемодинамика мен ЖВЖ (ИВЛ) көрсеткіштерін клиникалық тұрғыдан басқару және реттеу." |
|
ОН6. |
"Инсульт күдігі бар науқастарды BE-FAST және NIHSS шкалалары бойынша жүйелі түрде бағалау; 'терапиялық терезенің' маңыздылығын ескере отырып, клиникалық саралау жүргізу және ауруханаға дейінгі кезеңде 'Инсульт протоколы' шеңберінде нейропротективті күтімді ұйымдастыру." |
|
ОН7. |
"Жаппай зардап шегу (MCI) жағдайында START, JumpSTART және SALT алгоритмдерін қолдана отырып, зардап шеккендерді медициналық сұрыптаудан өткізу; этикалық қағидаттар мен шектеулі ресурстар негізінде көмек көрсету кезектілігін (түстік кодтар) белгілеу және оқиға орнын басқару жүйесі (ICS) шеңберіне үйлестіру." |