
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің жаңа академиялық жылға бейімделуін жеңілдету, олардың көңіл-күйі мен үміттерін анықтау, сондай-ақ ортақ қолдау сезімін қалыптастыру болды.
Кездесу барысында студенттер өзара танысып, жаңа оқу жылына деген көзқарастарымен бөлісті. Мини-топтарда жұмыс істей отырып, олар ортақ ұқсастықтарын тауып, бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Студенттерге академия тарапынан қолдау бар екендігі және олар бұл үдерісте жалғыз еместігі атап өтілді.
Сондай-ақ тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды: газ, су және электрді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары, көп болып пәтерде тұрудың қауіпсіздікке қатер төндіруі айтылды.