
Қоғамдық денсаулық Білім Беру Бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушыларына көптілділігі бойынша қарастырылған.
2025 жылғы 23 қыркүйекте «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасында м.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Ж.У. Садибекова В-КДк-01-22 тобының білім алушыларына көптілділік бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің мақсаттары мен алғышарттары. Денсаулық сақтаудың жаһандық модельдері» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Дәріс барысында шолу әдісі қолданылды, бұл медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің негізгі тұжырымдарын жүйелеуге, оның басты мақсаттары мен алғышарттарын айқындауға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы әлемдік модельдерді қарастыруға мүмкіндік берді.
Сабақ тақырыбына сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізудің мақсаттары қамтылды:
1.Халықтың барлық санаттары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.
2.Мемлекеттік бюджеттің қаржылық жүктемесін азайту.
3.Мемлекет, жұмыс беруші және азамат арасындағы ортақ жауапкершілікті қалыптастыру.
4.Мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар арасында бәсекелестікті дамыту.
Білім алушылар көтерілген мәселелерге үлкен қызығушылық танытып, пікірталасқа белсенді қатысып, нақтылаушы сұрақтар қойып, алынған білімді тәжірибеде қолдануға ықылас білдірді.
Дәріс жоғары әдістемелік деңгейде, көрнекі материалдарды қолдана отырып өтті, бұл оқу материалының жақсы меңгерілуіне ықпал етті.