Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәм...
25 мамыр 2026
1
0
0

«4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздері күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті

“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының доцент м.а. М.У.Турадилов 2 курс “Медицина” БББ білім алушыларымен «4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздері күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің елдік нышандарға деген құрметін арттыру, мемлекеттік рәміздердің тарихи және құқықтық негіздерін тереңірек түсіндіру, сондай-ақ жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру болды. 

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының қабылдану тарихы, олардың авторлары мен мән-мағынасы жан-жақты талқыланды. М.У. Турадилов мемлекеттік рәміздердің әрбір элементі елдің тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейлігін айқындайтын маңызды құндылық екенін атап өтті.
Студенттер де белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар рәміздердің қоғамдағы рөлі, жастардың патриоттық тәрбиесіндегі маңызы туралы пікір алмасып, сұрақтар қойды. Сонымен қатар, тақырып бойынша шағын баяндамалар мен презентациялар ұсынылды. Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы екендігін атап өтіп, осындай тәрбиелік мәні зор кездесулердің маңыздылығына тоқталды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің танымдық қызығушылығын арттыруға және патриоттық сезімін нығайтуға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)