Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «9-Мамыр Жеңіс» күніне арналға...
6 мамыр 2026
1
0
0

«9-Мамыр Жеңіс» күніне арналған тәрбие сағаты

05.05.26ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ә.Мырзазия 1 курс «Стоматология»БББ білім алушыларымен «9-Мамыр Жеңіс» күніне арналған тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: білім алушыларға Жеңіс күні мерекесінің тарихи маңызын түсіндіру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен батырлығын насихаттау. Сондай-ақ студенттердің патриоттық сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, соғыс ардагерлеріне деген құрмет пен тағзымды арттыру.
Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға Ұлы Отан соғысы тақырыбын қамтитын тарихи-әскери фильмдер көрсетілді. Фильмдерде соғыс жылдарындағы майдан өмірі, тылдағы еңбек, жауынгерлердің ерлігі мен қайсарлығы көрініс тауып, студенттерге терең әсер қалдырды.
Іс-шара барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, соғыс тақырыбына байланысты пікірталас ұйымдастырылды. Олар бейбіт өмірдің қадірін түсініп, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар, батырларымыздың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс екені атап өтілді.
Тәрбие сағаты соңында студенттерге өткеннің тағылымын ұмытпау, бейбітшілікті қадірлеу және ел болашағына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі туралы қорытынды айтылды. Тәрбие сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

Пікірлер орны (0)